+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:18
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5685 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дарынды оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі іске қосылды Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды Алматыда екі адам есірткімен ұсталды

«23 қыркүйек күні 5685 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 287, II компонентін 3 398 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 қыркүйек аралығында қалада 938 222 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 834 493 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 171 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT