Алматыда бір тәулікте 46 ұрлықтың беті ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел есеп ақпараттық жобасын іске қосты. Ол азаматтарға криминогендік учаскелер бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезекшілікке түскен полицейлер осы уақыт аралығында атқарған жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп отырады. Онда алаяқ, ұрылардан жапа шеккен азаматтар мен ұсталған күдіктілер туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ақпарат қолжетімді болады. Деректер күн сайын жаңартылып отырады. Онымен кез келген адам таныса алады», - деді Алматы қалалық қылмыстық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Алматы полициясы бір тәулікте 46 ұрлықтың бетін ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген төрт күдікті ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар