Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4016 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 қараша күні 4016 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 202, II компонентін – 1814 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 қараша аралығында қалада 1 012 837 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 964 717 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 676 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар