+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 14 қазан 11:04
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4 315 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 250 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды Қазақстанның вакцина паспорты енді Индонезияда жарамды Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды

«13 қазан күні 4 315 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1833, II компонентін 2 482 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 қазан аралығында қалада 973 120 тұрғын вакцинаның І компонентін, 904 548 адам ІІ компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 577 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT