Алматыда бір тәулікте 4,5 мың адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4 540 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 10 маусым күні 4 540 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 10 маусымы аралығында қалада барлығы 329 671 адам екпе алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 31 319.

Қалада 211 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді» - деп нақтылады басқармадан.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар