Алматыда бір тәулікте 312 адам коронавирус жұқтырған
19 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 312 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 303, симптомсыз – 9 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 113, келіп түскені – 127.
«Инфекциялық стационарларда 1 255 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 31 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 129 адам жатыр.
Ал 27 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 72 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 694 пациент бар.
Оның ішінде вирус белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2594 науқас. 100 адамда коронавирус белгілері жоқ.