+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 312 адам коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 20 қазан 10:33
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 312 адам коронавирус жұқтырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1255 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирустың жаңа штамы: Оңтүстік Африка Республикасымен қандай елдер әуе қатынасын шектеді Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

19 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 312 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 303, симптомсыз – 9 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 113, келіп түскені – 127.

«Инфекциялық стационарларда 1 255 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 31 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 129 адам жатыр.

Ал 27 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 72 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 694 пациент бар.

Оның ішінде вирус белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2594 науқас. 100 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT