+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 3,5 мың адам вакцина салдырды

2021 жылғы 14 мамыр 13:53
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 3,5 мың адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3527 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің кейбір елдерінде вакциналау шаралары қалай жүргізіліп жатыр Қызылорда облысында 120 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның қанша дозасы бар

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 13 мамыр күні 3 527 алматылық вакцина салдырды.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 мамыр аралығында қалада 262 595 адамға екпе салынды.

Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі - 30 398.

«Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 18 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті 1 907 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT