Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 10 398 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 маусым күні 10 398 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 маусымы аралығында қалада барлығы 444 311 адамға екпе салынды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 74 656», - деп хабарлады басқармадан.

Қалада 208 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қала бойынша вакцинаның – бірінші компонентінің 31 321 дозасы және екінші компонентінің 100 792 дозасы бар.

Айта кетейік, 26 маусым күні Алматыға QazVac вакцинасының 1 және 2 компонентінің 9 мың дозасы жеткізілді


Соңғы жаңалықтар