Алматыда бір шатырдың астында орналасқан екі асхана отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «БН Алтын-Орда ЛТД» ЖШС территориясындағы екі асхана отқа оранды. Асхана жалпы аумағы 396 шаршы метр болатын бір шатырдың астына орналасқан. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«2016 жылдың 17 сәуір күні сағат 13.28-де «БН Алтын-Орда ЛТД» ЖШС территориясында өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі барды», - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы аумағы 396 шаршы метр болатын бір шатырдың астына орналасқан екі асхананы өрт шалған. Тілсіз жау сағат 14.21-де толықтай өшірілді.

Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД 4 техника мен 18 адам және Алматы қалалық ТЖД 20 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар