Алматыда бір шағынаудан тұрғындары жарықсыз отыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында орналасқан «Ерменсай» шағынауданда электр қуаты сөніп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 2 желтоқсан күні сағат 08:55-те Бостандық ауданындағы РЭС-5-те «Silver Hills» тұрғын үй кешені алаңында – Ерменсай шағынауданы, 5-қиылыста электр қуатының үзілгенін хабарлады.

«Оқиға орнына «Алатау Жарық» компаниясының жедел қызметінің тобы шықты. Толық ақпарат нақтыланады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірген болатын.

Айтуынша, қазіргі таңда 4,2 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін 11 шақырымға дейін жөнделеді.


Соңғы жаңалықтар