Алматыда бір күнде 7,5 мың адам коронавирус вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 7 560 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 сәуір күні 7 560 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 сәуір аралығында 149 699 адамға екпе салынды. Вакцинаның екі компонентін 15 289 адам алды.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.

Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Қ.Сәтбаев көшесі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Айта кетейік, Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» базарында вакцинация пункті ашылды.


Соңғы жаңалықтар