USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

2021 жылғы 4 сәуір 10:01
Бөлісіңіз:
Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Израиль 18 жастан асқан қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның 4-дозасын мақұлдады Коронавирус: БҚО-да 5 мыңнан астам адам амбулаторлық ем алып жатыр Коронавирус: Елімізде 9,1 млн адам вакцинаның бірінші дозасын алды

«3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Осылайша, 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді.

Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жұмыс істеп тұрған екпе пунктілерінің жұмысын тексеріп шақты.

Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT