Алматыда бір күн ішінде 6 қалта ұрысы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған ұрылардың тұлғаларын жариялау тәжірибесін жалғастырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 46 жастағы Валихан Мұратұлы Айтпенов қоғамдық көлікте 38 жастағы әйелдің сөмкесінен гаджетті ұрлап кеткен. Ол оқиға орнында қолға түсті.

40 жастағы Роза Василевская №34 бағытта жүретін қоғамдық көлікте 25 жасар қыздың әмиянын қолды еткен. Ол да оқиға орнында қолға түсті.

41 жастағы Ерлан Сәрсенбаев №118 бағытта жүретін қоғамдық көлікте 16 жастағы жасөпірімнің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған.

49 жастағы Сахинур Бакиева №85 бағыттағы қоғамдық көліктің салонында 46 жастағы әйел адамнан мобильді құрылғыны ұрлаған.

20 жастағы Берік Тұрсынбай «Мерей» сауда үйінің жанында 30 жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан ұялы телефонды ұрлап алған.

26 жастағы Антон Куроленко №57 бағыттағы қоғамдық көлікте 50 жастағы әйелдің ұялы телефонын қолды еткен.

37 жастағы Василий Нещеретнев «Сары Арқа» базарында 22 жастағы бойжеткеннің күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған.

«Тәжірибе көрсеткендей, тіпті бас бостандығынан айырылғаннан кейін де кейбіреулер өздері үшін дұрыс шешім қабылдамай, керісінше, қайтадан қылмыс жасайды. Оның ішінде жоғарыда аталған азаматтар да бар. Оларды біздің жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді. Мүмкін, бұл кісілердің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер бар шығар, біз оларды дереу көрсетілген нөмірлерге хабарласуға шақырамыз: 254-40-09; 254-40-12 және 254-43-93», - деді Алматы қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

null

Соңғы жаңалықтар