Алматыда бір әйел кәріз құдығына құлап, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 16 тамызға қараған түні бір әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды.

«Алматыда 16 тамызға қараған түні Әуезов ауданында, Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында бір әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір ішкі істер органдары әйелдің аты-жөнін анықтап жатыр.

Бұл құдық «Алматы Су холдингі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі емес. Сондықтан қазір оның қай ұйымға тиесілі екендігі де анықталу үстінде. Негізі қалада қараусыз қалған инженерлік құрылымдар баршылық. Сол үшін құдықтың қай ұйымға тиесілі екендігін анықтауға уақыт керек», - деді Алматы қаласының жылуэнергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин. 

Соңғы жаңалықтар