Алматыда бір автобустың бағыты уақытша өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 15 қыркүйектен бастап №113 автобустың қозғалыс бағытына өзгеріс енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС мәлім етті.

«Енді №113 автобус Жароков көшесімен келе жатқанда Шевченко көшесінен Байзақов көшесіне бұрылмай, Байтұрсынов көшесіне дейін барады, ал әрі қарай бағыты бойынша жүреді. Кері қайтқанда Байтұрсынов көшесінен Жамбыл көшесіне бұрылады да Жароков көшесіне дейін жүреді, әрі қарай бағыты бойынша қозағалады»,- деп хабарлады «Алматыэлектротранс» компаниясы.

Айта кетейік, бұған дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 27 және 118 автобустардың бағыты өзгергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар