Алматыда бір апта бұрын жоғалған студент қыз табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті, 16 жастағы бойжеткен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анасы Күләш Әкімбекованың айтуынша, жасөспірім қыз жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған.

«16 жетоқсан күні құзырлы органдар тапқан. Ол өзінің жігітіне еріп Сарыағашқа кетіп қалған. Біз жастармен сөйлестік. Оның айтуынша, маған айтып, ескерткен күнде мен рұқсат бермейді деп ойлаған. Сол себепті ешкімге хабар бермей кетіп қалған» ,- деді қыздың анасы.

Еске сала кетсек, Айғаным Әкімбекова 9 желтоқсан күні оқуға кетіп, содан үйіне оралмаған болатын.

Соңғы жаңалықтар