Алматыда білім грантын «алып беретін» бойжеткен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда бойжеткен өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырып, алаяқтық қылмыс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырған 23 жастағы бойжеткен білім беру саласында алаяқтықпен айналысқан.

«Білім беру саласында алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысының 1996 жылғы тумасы ұсталды. Ол «медуниверситеттің студентімін, грант алып бере аламын, ол жерде жақсы таныстарым бар», деп мектеп бітірушілер мен басқа да оқу орындарының студенттерін алдаған. Күдікті құрбандарымен тікелей байланысқа шықпаған, үнемі достарын пайдаланып, байланыс орнатқан. Осы қызметі үшін ол әр адамнан 250-300 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар