Алматыда бильярдтан әлем чемпионаты өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5-сәуірде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Динамикалық пирамида» бойынша бильярдтан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада әлемнің 19 елінен 100-ге жуық спортшы әлем чемпионы атағына таласады. 8-сәуірде жарыс жеңімпазы анықталып, кубок пен ақшалай сыйлық табысталады. Жүлде қоры 12 миллион теңге.

Турнирде 64 ер азамат, 32 әйел екі топқа бөлініп жарысады. Олардың арасында жас дарындар атақты спортшылар, әлемдік жұлдзыдар Ярослав Тарновецкий (Украина), Сергей Крыжановский (Молдова), Артур Пивченко (Украина), Никита Ливада (Россия), Каныбек Сагынбаев (Кыргызстан), Владислав Осьминин (Россия), Леонид Швыряевтармен (Россия) бақ сынасады.

Қазақстанның намысын Еуропа және Азия чемпионатының үш дүркін әлем чемпионы Әлихан Каранеев, аралас пирамида бойынша әлем чемпиондары Ернар Чимбай және Әлібек Омаров, Қазақстан чемпионатының соңғы жеңімпазы Арби Муциев қорғайтын болады.

«Біз осы Әлем кубогына өте ұзақ уақыт дайындалдық. Жарысқа 100% дайынбыз деп айтуға болады. Әлемнің көптеген елдерінен мықты ойыншылар келді. Осы жарыста біз жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын және кубок өз елімізде қалады деп үміттенемін », - деді Әлихан Каранеев.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатына Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықпаев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Халықаралық және Қазақстан Бильярд федерациясының өкілдері, сондай-ақ спорт ардагерлері қатысты.

Алғашқы болып жарыс алаңына Қазақстандық Ернар Чимбаев пен қырғызстандық Қаныбек Сағынбаев шықты.

Олардың кездесуі ойынның соңына дейін тартысты болды. Әлем үздіктерінің ойыны 4 сағат жалғасты. 6:4 есеппен қырғыз спортшысы қазақстандық Ернар Чимбаевқа есе жіберіп алды.

Соңғы жаңалықтар