Алматыда бейімдеу орталығының экс-директорына қатысты сот отырысы өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды əлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы директоры Ақмарал Бекетоваға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекетоваға аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Мұның  алдында шенеуніктің  қорғаушысы істі тоқтату туралы арыз түсірген болатын.

 Алайда мемлекеттік айыптаушы  қорғаушының өтінішін қолдамады. Іс материалдарына сəйкес, аталған əлеуметтік бейімдеу  орталығының бұрынғы директоры Ақмарал Бекетоваға ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімімен ақша жымқырды, ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлімімен аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Экс-директормен бірге Айжан Əбішева да қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Ол әзірге еш жерде жұмыс жасамайды.

Тергеу органдарының қорытындысы бойынша, Бекетова азық-түлік тасымалдайтын жеке мекемелер арқылы ақша жымқырып отырған. 

Соңғы жаңалықтар