Алматыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам назарына ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық кеңестің отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасының концепциясын көпшілік талқылауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналист Сергей Пономарев түсірген видеоларды құқық қорғау органдарына тапсыру туралы пунктті артық деп санайтынын айтты.

«Мен 30 жыл телеарнада тәжірибем бар тілшімін. Бір жерге барып түсірілім жасадым делік. Ол менің тауып отырған нәпақам. Маған сол кезде АІІБ басшысы немесе прокурор келіп, видеоны маған беріңіз, маған керек дейді. Түсірген видеоматериалымды соған беремін. Ол 2-3 күнде қайтарса жақсы. Бірақ ол кезде материал өзектілігін жоғалтады. Менің ойымша бұл қажетсіз пункт. Бізді адамдарға ақпарат жеткізу мүмкіндігінен айырып отыр», - деді журналист.

Дәурен Абаев бұл пунктті түзету керектігін айтты.

«Егер мәселе қылмыстық жауапкершілік турлы болса, видео дәлелдер базасы үшін жиналуы мүмкін. Ол жағдайда да бірден емес, белгілі бір уақыттан соң. Бұл сіздердің жеп отырған нандарыңыз, мен оны түсінемін», - деді Д.Абаев.

Белгілі журналист тілшілерді басқалардан ажырату үшін жилет кию шартына қарсы екендігін айтты.

«Кейде журналистер қоғаммен бірге болғысы келеді. Бұл бізді қорғау үшін жасалып отырғанын түсініп тұрмын. Алайда бұл пукнт те күмән туғызады», - деді Сергей Пономарев.

Алайда министр журналистердің қауіпсіздігі ең маңызды мәселе екендігін айтты.

Болашақта қайғылы жағдай болмас үшін оның алдын алған абзал.



Соңғы жаңалықтар