+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Алматыда бейбіт митинг өткізетін екі орын белгіленеді

2019 жылғы 25 қыркүйек 14:04
Бөлісіңіз:
Алматыда бейбіт митинг өткізетін екі орын белгіленеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бейбіт жиналыстарға қатысушылар бірегей мүмкіндік алады - Марат Қоғамов Бейбіт жиналыстар үшін арнайы орын белгіленгенін жақтаймын - Марат Башимов Жаңа заң жобасында журналистердің мәртебесі мен құқықтары ескерілген - Асхат Садырбай

Қоғамдық талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.

Құжатта айтылғандай, VI шақырылымдағы Алматы қаласының мәслихаты: 1) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін; 2) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орындарды бекіту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, жиналыстар, митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар үшін екі орын белгіленді, олар: «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаң (4-шағын аудан) және «Южный» саябағы (Жароков көшесі, Хожанов көшесінің бұрышы).

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялардың 18 пункттен тұратын өткізу тәртібі де анықталған. Ол туралы мына сілтемеден толығырақ білуге болады.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы рұқсат етілген митингтерге арналған орын саны көбейеді деп мәлімдеген болатын. Әкім «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңнан басқа азаматтардың бейбіт жиналысын өткізетін тағы бір орынды анықтау туралы өтінішпен мәслихатқа жүгінуге уәде берген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT