Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңында орналасқан саябақта қала билігімен рұқсат етілген бейбіт митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оны ұйымдастырушы Әлнұр Ілияшев жиналған 200-ге жуық адамды митингті өткізу ережелерін сақтауға шақырды. Жалпы, жиын тыныш жағдайда өтіп жатыр.

Сөз сөйлеушілер жүк көлігінің кузовіндегі мінберге кезек-кезегімен көтерілуде. Олар биліктің қоғаммен диалогын, митингілерді өткізуге өзге орынды, шетелдік жұмыс күшін жұмылдыру туралы заңның сақталуын сұрауда.

Жақын жерде полицейлер, жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру қызметтері кезекшілік етуде.
null

Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, 2019 жылдың 30 маусымы күні бейбіт митингілер өткізуге рұқсат еткен болатын. Олардың орны алдын ала белгіленді.

Бұған дейін прокуратура митингілерді өткізу ережелерін еске салған болатын.

Соңғы жаңалықтар