Алматыда бетперде киген үшеу букмекерлік кеңсені тонап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз біреулер букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыс мекеменің ішкі сыртқы камераларына түсіп қалған. Видео kris_p_almaty паблигінде жарияланды.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Дек 23, 2017 at 10:01 PST

Оқиға бүгін таңғы 4:30-да болған. Бетперде киген үш ер адам букмекерлік кеңсеге кіріп келіп күзетшіні қорқытқан.

Қылмыскерлер айналасы 1 минутта кассадағы ақшаны алып қашып кеткен.

Әзірге бұл оқиға туралы қалалық ІІД ресми түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар