Алматыда бес бау-бақша серіктестігі жеке тұрғын үй құрылысына ауысты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың бау-бақша шаруашылығын жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) ауыстыру жұмыстарын мәлім етті, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Қала құрылысының нақты талаптары болады. Онда техникаға, коммуникацияға және басқасына қолжетімділік қажет. Сондай-ақ онда қала стандарттары сақталуы қажет. Егер біз оны жасай алмасақ, қаланың бау-бақша шаруашылығын ЖТҚ-ға ауыстыра алмаймыз. Бізге коммуникацияны орнатуға инженерлік дәліздер қажет, ол кем дегенде 7 метр болады. Басқаша жолмен оған техника кіре алмайды. Өкінішке орай, бау-бақша шаруашылығының жекелеген тұрғындары бұған келіспей отыр. Осыған орай, жұмыстарды бастай алмай отырмыз. Бізге тұрғындардың 100% келісімі керек. Егер қала әкімінің заң жүзінде мүмкіндігі болса, онда мен қуанышпен бау-бақша шаруашылығын жеке тұрғын-үй құрылысына ауыстырар едім», - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылғанын айтты.

«Жақында комиссияның алғашқы отырысы өтеді. Қазір материалдар жинау үстіндеміз. Айту керек, комиссия ұзақ мерзімге, яғни, 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаланың Медеу ауданындағы 109 бау-бақша серіктестігінің тек 5-уін ғана ЖТҚ-ға ауыстыруға сәйкес келеді. Оларды ауыстырып жатырмыз. Себебі, онда коммуникация бойынша инженерлік дәліздер мен басқа да мүмкіндіктері бар. Ал қалған 104 серіктестік бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз алдымен оларды ЖТҚ-ға ауыстыра аламыз ба, соны түсінуіміз керек», - деді Алматы әкімі.


Соңғы жаңалықтар