Алматыда белгісіз ер адам көшеде қызды соққыға жықты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 жастағы Алматы тұрғынына белгісіз ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, оны бейтаныс ер адам еш себепсіз соққыға жыққан.

«Кеше түнде үйдің маңында бейтаныс адам маған шабуыл жасап, басымнан қан шыққанша, аямай ұрып, сосын өзі келген жаққа қарай қашып кетті. Мен дереу полицияға хабарластым, алайда олар әлі бейнекамераларды тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Мен бұл істі жауып тастайма деп қорқамын», - деп жазды жәбірленуші Instagram-дағы парақшасында.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Қыздың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға 16 тамызға қараған түні Медеу ауданында болған. Тергеу барысы қалалық полиция басшылығының бақылауына алынды», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Фото: instagram.com



Соңғы жаңалықтар