Алматыда белгілі заңгер Михаил Кленчин көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі заңгер Михаил Кленчин қаза болды. Бұл туралы «Қаржылық қызметті дамыту ұлттық қоры» қоғамдық қорының сайтында жарияланды.

«Қаржылық қызметті дамыту ұлттық қоры» қоғамдық қоры белгілі заңгер Михаил Кленчиннің 35 жасына жеткенде кенеттен қаза болғанын қайғыра хабарлайды. Оның қаза табу себептері анықталып жатыр. Туғандары мен жақындарына көңіл айтамыз»,- делінген хабарламада. Михаил Кленчин 1980 жылы 17 қарашада Алматы қаласында туған. Қазақстандық заңгер қоғамдық істерге белсенді араласып, «Қаржылай қызмет көрсетуді дамыту ұлттық қоры» ҚҚ-ның төрағасы болған. Ол Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында білім алған. Корпоративтік заңгер ретінде жұмыс істеп, 2007 жылдан бері жеке заңгерлік қызметпен айналысқан. «Алғашқы жемқорлыққа қарсы медиаорталық» РҚБ-нің төрағасы, Қазақстанның салық палатасының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен республикалық қоғамдық кеңестің, «Kazakhstan Bar Association» коммерциялы заңгерлері құрамында, ҚР «Атамекен» ҰКП кеңесінің құрамында мүше болды. Михаил Кленчиннің қазасына байланысты Алматыда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар