Алматыда Beeline орталығында жарылғыш зат табылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Сүйінбай көшесіндегі Beeline орталығынан жарылғыш зат таппады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Beeline Қазақстан компаниясының Call-орталығының қызметкері айтып берді.

«Компанияның ресми позициясына сәйкес, жарылу қаупі туралы қоңырау түскен соң Cool-орталығы мамандары ақпараты ҚР ІІМ-не берген. Оқиға орнына арнайы жедел әрекет ету қызметінің мамандары келіп, 600 жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды. Ақпарат расталған жоқ. Офис штаттық режимде жұмыс жасап тұр», - деді Cool-орталығынан.

Бұған дейін Алматы полициясы Сүйінбай 243 мекенжайында орналасқан Beeline техникалық орталығында жарылғыш зат іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар