Алматыда базардағы сатушылар төбелесінің мән-жайы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы базарында төбелес шығарған сатушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғады. Олар бұзақылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Ұсталғандардан алынған жауапқа сәйкес, олар базарда аяқ-киім сатумен айналысады. Тұрмыстық дау-дамайға сатушылардың бірінің екіншісіне тауарды (аяқ киім) бүлінген күйі қайтаруы себеп болған. Олар алдымен ұрысқан, кейін төбелесе бастаған. Құқықбұзушылар ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Еске салайық, 6 сәуір күні таңертең Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болған дау-дамайдың видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Авторы Данияр Дәуіталиев

Соңғы жаңалықтар