+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Алматыда базар өртенді

2018 жылғы 3 қаңтар 12:37
Бөлісіңіз:
Алматыда базар өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Үшқоңыр базарында орналасқан ТҚО ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісу ауданы Жұмабаев көшесі 122 мекенжайы бойынша ТҚО ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабарлама 11:13-та түскен.

Өрт жапсарлас орналасқан 2 дүңгіршек пен 1 контейнерді шарпыған. Жалынның ыстығынан жақын арада тұрған "Тойота Виндом" көлігі зақымданған.
Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны ауыздықтауға 39 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде сөндірілді.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT