Алматыда «Баянауыл» базарының орнында әлеуметтік нысандар бой көтеретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Баянауыл» базарының орнында әлеуметтік нысандар бой көтеретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аумағы 7 гектар болатын территорияда мектеп, балабақша, емхана, көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндіру депосы салынады. Қазіргі таңда жобалар әзірленіп, учаскелерді дайындау жұмыстары жасалып жатыр. Айта кету керек, бұл мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асатын жалғыз жоба емес. Жақын арада бірқатар бизнес қауымдастықтардың көмегімен 50 жаңа спорт алаңы мен Стрит Воркаут» алаңы, 15 балалар алаңы алматылықтардың игілігіне беріледі. Сондай-ақ «Фэмили» саябағы да жақында кешенді түрде қайта жаңғыртылатын болды. Әуезов ауданының көріктендіру үрдісін бақылау барысында Бауыржан Байбек аталған саябақтың ахуалына да назар аударды. Әкім «Фэмили» саябағындағы суару жүйесін қайта қалпына келтіруге тапсырма берді. Суару жүйесі Абай-Саин көшесінің жолайрығының құрылысы кезінде бұзылған. «Саябақты толығымен қайта жөндеуден өткізу керек. Бұл орын қалалықтардың демалып, көңіл көтеретін жері болуы керек. Ашылғалы бері көп өзгеріс болмаған. Жасыл желек бағын заманауи демалыс индустриясы стандарттарына барынша ұқсату керек. Сондай-ақ саябақ өзінің тақырыптық ерекшелігін жоғалтпауы абзал», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар