Алматыда Баум тоғайының 150 гектары абаттандырылады
2022 жылғы 30 маусым 12:05

Алматыда Баум тоғайының 150 гектары абаттандырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімдігі Баум тоғайын қайта жаңғыртудың ауқымды жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баум тоғайы бойынша 150 гектар жерге үлкен жоба дайындалып жатыр. Онда жылыту алаңы, жаяу жүру жолдары да қарастырылады. Сапалы материалдардан біз резервуардың бойымен барлық инфрақұрылымды саламыз», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматының Баум тоғайында 3 мыңнан астам ағаш кесілетін туралы жазған болатынбыз.

Баум тоғайының аумағында 49 түрлі барлығы 104 500-ге жуық тал-дарақ бар. Оның 7 түрі қылқанжапырақты және 42 түрі жапырақты.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT