Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Батырларға тағзым» мерекелік шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше мыңдаған адам «Астана» алаңына жиналды.

Сап түзегендер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыс-туғандарының портреттерін көтеріп, көшемен жүріп өтті.

Шеру басталар алдында мерекелік концерт болып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Одан кейін колонна 28 панфиловшылар паркіне қарай бет алды.

Айта кету керек, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар