Алматыда Батырхан Шүкеновтің құрметіне Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Батырхан Шүкеновтің құрметіне Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды. Бұл туралы марқұмның арт-директоры, отбасының досы Олжас Байқанов айтты.

«Батырдың достары, жағдайы жақсы адамдар осы ескерткішті қоюға көмектесті. Оның отбасы да өз көмек қолын ұсынды. Кешен өте қымбат, бірақ талғаммен жасалды», - деді О.Байқанов. Қою жасыл түсті Қордай тасынан жасалған кешен жарты ай түрінде жасалған. Сол жағында скрипка кілті бейнеленген. Ескерткіш тақтасының биіктігі 2,15 метр. Оң жағында саксофон ұстаған Батырдың бейнесі бейнеленген. Автор Әсел Есжанованың ойына сәйкес, скрипка кілтінің үстінен орган аспабының 52 трубасы салынды. Бұл батырдың 52 жасын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар