Алматыда басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды
2018 жылғы 20 қараша 15:19

Алматыда басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел басына мұз кесегі құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

«Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Jańalyqtar

MURAǴAT