Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда бастауыш сыныптың барлық оқушылары тегін тамақтанатын болады

2022 жылғы 26 мамыр 17:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», - деді Алматы әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыда оқушыларды әлеуметтік жағдайына қарамастан ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жылына 450 млрд теңгеден астам қаражат қажет (бір балаға бір рет тамақтандырудың орташа құны 800 теңге) екенін айтқан болатын.

Осылайша, мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жылына 381 млрд теңгеден астам қосымша қаражат бөлінеді.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары