+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда «Бастау» VIII халықаралық кинофестивалі басталды

2019 жылғы 3 желтоқсан 16:22
Бөлісіңіз:
Алматыда «Бастау» VIII халықаралық кинофестивалі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің «Бастау» VІІІ халықаралық фестивалі басталды. Байқау барысында қатысушылар өз туындыларын таныстырып, кәсіби киноматографтар шеберлік-сабақтар өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын өтетін бұл шара халықаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайту мен кеңейтуге, кино саласындағы жас таланттардың майталман шеберлермен пікір алмасуына мүмкіндік беретін алаңға айналып отыр.

Биыл фестивальдің ресми бағдарламасы кеңейіп, ол халықаралық екі байқаудан тұрады болады:

Bastau shorts – Еуропа және алыс-жақын шетел студенттері кейінгі 2 жылда түсірген қысқаметражды көркем, анимациялық және деректі фильмдердің халықаралық конкурсы;

Bastau debuts– Еуропа және алыс-жақын шетелде кейінгі 2 жылда түсірілген толықметражды дебюттік көркем фильмдердің халықаралық конкурсы.

«Біздің фестиваліміз шығармашыл жастарға бастау болатын, тәжірибе алмасуға және жас киногерлерге өз жобаларын кеңінен насихаттау үшін ынтымақстастыққа жол ашатын кәсіби алаң. Фестивальдің басты ерекшелігі - бұл шығармашылық еркіндік. Оның тыныс-ырғағын қатысушы жас буын өзі айқындайды. Сондықтан да фестивальдің ұранын «Жаңа буын киносы» деп алдық. Фестивальдің арқасында біз қазақ режиссурасында жаңа толқынның пайда болуына куә боламыз» - деді «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Әзімов.

Bastau debuts - толықметражды фильмдердің халықаралық байқауына 10 картина таңдалып алынды. Олардың қатарында түрлі халықаралық байқауларда топ жарып, оқ бойы алға шығып жүрген «Аврора» (Қырғызстан), Берлин кинофестиваліне қатысқан «Оларды көрген соңғы адам» (Германия), Үндістан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Ауырсыну» фильмі, «Бейіттерді жылжыту» кинолентасы (Корей), әлемдік жетекші кинофестивальдер лауреаты - «Мәриам» (Қазақстан) және басқа да картиналар бар.

Бұл конкурсқа белгілі ресейлік режиссер, сценарист әрі продюсер Михаил Сегал жетекшілік ететін халықаралық қазылар алқасы баға береді. Әділ қазылар құрамында: испандық киносыншы, кинофестивальдің Сан-Себастьяндағы іріктеу комитетінің мүшесі Роберто Куэто, франциялық продюсер әрі дистрибьютер Денис Васлин, ресейлік театр және кино актрисасы Нелли Уварова, қазақстандық танымал актер әрі продюсер Фархат Әбдірайымов. Сондай-ақ фестиваль барысында студенттік қазылар алқасы да жұмыс істейді. Биыл оның құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан өкілдері кіріп отыр.

Bastau shorts - қысқаметражды фильмдер байқауына қатысу үшін биыл әлемнің 44 елінен 360 өтінім келіп түскен. Мұндай рекордтық көрсеткіш фестивальға деген қызығушылық пен оның халықаралық беделінің арта түскенін айғақтайды. Тізімді Ресей бастап тұр, бұл елден 60 фильм жолданған.

Бұл бағдарламаға Қазақстан 6 картина ұсынды: Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» деректі фильмі, Айдарбек Әбділқадырдың «Терең су» анимациялық туындысы, Самғар Рақымның «Дипломмен ауылға» фильмі, Еламан Шаубановтың «Бауыр» картинасы, Дарина Манапованың «Мәулен» драмасы және Бағлан Құдайберлиевтің «Тыныштық баяны» фильмі.


Қысқаметражды фильмдерге қазылық ететін алқаның төрағасы франциялық режиссер, сценарист, Сандерс беделді кинофестивалінің екі мәрте жеңімпазы, Венеция кинофестивалінің жүлдегері Гела Баблуани. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі Рано Шодиева, «Листопад» ХКФ бағдарламалық директоры Игорь Сукманов, ресейлік театр және кино актері Александр Пашков, қазақстандық режиссер Шәрипа Оразбаевалар бар.

Қазылар алқасы мен қонақтары өткізетін шеберлік дәрістер, шығармашылық кездесулер кезінде студенттер кино саласына қатысты қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алады.

Фестиваль бағдарламасының маңызды бөлігінің бірі - халықаралық киномектептер қауымдастығының құрамына жаңа мүшелерді қабылдау туралы меморандумға қол қою болмақ.

Халықаралық байқау бүгін сағат 19:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мәриам» фильмімен ашылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі жанрдағы 80-ге жуық киноны Bekmambetov Cinema (Абай даңғ.109 В, Globus ХКФ, 2-ші қабат) кинотеатрында тегін тамашалай алады.

Жеңімпаздардың есімдері 2019 жылдың 7 желтоқсанында өтетін марапаттау салтанатында жарияланады.

«Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Tanaris Production компаниясының, «Тұран» университеті және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT