Алматыда «Бастау» студенттік кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда IV халықаралық «Бастау» студенттер кинофестивалі аяқталды. Жүлделерді тапсыру салтанаты «Алатау» киноконцерт залында өтті.

Бас жүлдені ресейлік Олжас Ермекбаевтың «Концерт» кинолентасы мен қырғызстандық режиссер Р.Акунның «Перелом» киносы иеленді.

Үздік әйел рөлін сомдағаны үшін ресейлік «Арал-тур International» киносында ойнаған Венера Каиржанова, үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін молдовалық «Housekeeper» туындысында ойнаған Серджи Сили жүлде алды.

Ең үздік операторлық жұмыс ретінде ресейлік Михаил Квирикадзенің «35/13» фильміндегі жұмысы, үздік деректі фильм ретінде Босния и Герцеговина жайлы «Мәңгілік алау» фильмі танылды.

Ең үздік анимациялық фильм жүлдесін чех режиссерінің «Punch a Jedd» иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» кинофестивалі 22-26 қыркүйекте Алматыда өтті. Мәдени шара барысында 25 елдің студенттері мен жас кинематографистері 200-ге жуық қысқа метражды туындылары сарапқа түсті.

Соңғы жаңалықтар