Алматыда бастапқы құны 45 мың доллар болатын картиналар бәссаудаға шығарылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 31 мамырда коллекциялық картиналар бәссаудасы өтеді. «BonArt» бәссауда үйінің сарапшылары мұражайлық, коллекциялық деңгейдегі бірнеше туындыны іріктеп, бүгін Ә.Қастеев атындағы көркемсурет мұражайында көрме өткізді.

2 апта бойы алматылықтар сатылатын өнер туындыларының шынайылығы мен түпнұсқалығын өз көздерімен қарап сынайтын болады. Көрмеге қойылған туындылар мамырдың 31-інде бәссаудаға шығарылмақ.

«Біздің негізгі мақсатымыз - шынайы өнерді бағалаушыларға түпнұсқа өнер туындысын көрсету. Яғни, бұл қара нарық емес, туындылардың бағалары алдын-ала белгіленген. Көрмеге барлығы 108 жұмыс - қазақстандық, ресейлік, батысеуропалық көркемсурет мектебі өкілдерінің жұмыстары қойылған. Ішіндегі ең көнесі ХІХ ғасырда салынған», - деді көрменің кураторы Оксана Танская.

Қазақстандық суретшілердің ішінде ТОП-лот тізіміне Сергей Калмыков (бастапқы бағасы 38 мың АҚШ доллары) пен Айша Ғалымбаеваның туындылары (бастапқы бағасы 18 мың АҚШ доллары) енді.

Ал, мұражай экспонаттарының ішінде ең қымбат туынды неміс суретшісі Корнелиус Багнердің суреті 45 мың АҚШ долларына бағаланды.

Соңғы жаңалықтар