Алматыда басқарма қызметкері заңсыз ағаш кескен кәсіпкерден 400 мың теңге пара алған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкері сыбайлас жемқорлық жасады деп күдіктелуде. ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы» КММ бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Ол, қаланың жасыл желек қорын күзетуге міндетті бола тұра, 2020 жылдың ақпан айында жеке кәсіпкердің өкілінен Жетісу ауданының аумағында заңсыз ағаш кескені үшін 400 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктеліп отыр», делінген хабарламада.
Кінәсін толық мойындауға байланысты күдіктіні ұстау жүзеге асырылмады.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.


Соңғы жаңалықтар