Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі шара 22 метрлік шырша орнатылған «Абай» алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Жаңа жылдың ертегі кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар қатысты.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі –22 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен және жаңажылдық 350 ойыншықпен безендірілген.

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді.

Қаланың бас шыршасымен бір мезетте барлық ауданда орнатылған шырша шамдары жанды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль форматында тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар ұсынылады.

Фестиваль аясында 15 күн бойы қазақстандық өнім өндірушілердің сыйлық жәрмеңкелері өтеді, гастроаймақтар, шеберлік сыныптары, конкурстар, кешкі кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әр локацияның түрлі жас топтарына бағытталған өзіндік ерекше бағдарламалар болады.


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар