Алматыда Бас прокуратураның шотынан ақша ұрлаған хакерлер сотталып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бас прокуратураның шотынан ақша ұрлаған хакерлер сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында ғана сотталған хакерлердің үстінен тағы бір өндірістік іс қозғалды.

Іс материалдарына сәйкес, Бауыржан Дастаров,  Алмас Омаров пен Нияз Рақымов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, ҚР Бас прокуратурасының, Салық комитетінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің шотындағы қаржыны жымқырып келген. 

Бауыржан Достаров пен Алмас Омаровқа ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлімі, ҚР ҚК 208-бабының 3-бөлімі, 210-бабының 3-бөлімі, ҚР ҚК 262-бабының 1-бөлімімен қарастырылған қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Үшінші күдікті Нияз Рақымов та аталған баптармен қоса ұйымдасқан қылмыстық топ ашқаны үшін сотталмақ.

Қылмыстық іс 6 томнан тұрады. Істі Алмалы аудандық сотының судьясы Ирина Путилова қарап жатыр.

Келесі сот отырысы 8 қаңтарға белгіленген.

Айа кету керек, бұл хакерлердің ісі бойынша сот үкімі 24 желтоқсанда шыққан болатын.

Достаров пен Омаровты сот 7,5 жылға, Рақымовты 5,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал олардың 13 әріптесі үш жарым  жылға сотталды.

Астаналық ЖШС күдіктілердің үстінен қосымша арыз түсіргендіктен бұл іс бойынша бөлек өндіріс ашылып, хакерлер тағы да сот алдына шақырылды.

Соңғы жаңалықтар