Алматыда «Барыс» базары өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Райымбек көшесінің бойында орналасқан «Барыс-4» көтерме және бөлшек сауда базарында бүгін түнгі сағат 00.15-те өрт тұтанған.

Қызыл жалын 5 шаршы метр жерді шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 37 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылып, жалын 00.30-да толығымен сөндірілді.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар