Алматыда барақ үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданында орналасқан барақ үй өртенді. Шұғыл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова жеткізді.

Оның айтуынша, Кисловодск көшесіндегі 6 отбасыға арналған үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 101 пультына түнгі 2:30-да түскен.

Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Тілсіз жау 03:15-те ауыздықталып, 03:42-де толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар