Алматыда «барахолка» маңында жол жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаяу жүргіншілер жолының құрылысына байланысты «барахолка» базары маңында жол жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін түнгі 23:59 бен таңғы 06:00 аралығында Рысқұлов пен Москвин көшелерінің арасы жүргізушілерге жабық болады. Ол Солтүстік айналма жолында аспалы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреу ағаштарын монтаждауға байланысты жабылып отыр» деп мәлім етті қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметінен.

Автокөлік қозғалысы көрсетілген сызба бойынша жүзеге асады.


Соңғы жаңалықтар