Алматыда «Барахолка» маңынан тағы да өрт шықты
2023 жылғы 6 ақпан, 22:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні сағат 21:09 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі, 508а мекенжайына шақыртуға шықты.
«Алғашқы өрт сөндіру есептері оқиға орнына 3 минутта келді. Олар «Сәлем» базарында бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында екі өрт сөндіру учаскелері құрылды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Сағат 21:42-де өрт оқшауланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Фото: ТЖД
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP