Алматыда «барахолка» базарынан шыққан өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «барахолка» базарынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сағат 17:25-те сөндірілді. Алматы гарнизонының өрт сөндірушілері өрттің жапсарлас тұрған сауда нүктелеріне жайылуын алдын алды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 60 қызметкері, 18 техника жұмылдырылды», - деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Айта кету керек, «барахолка» базарындағы Байсат базары өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 16.26-те 101 кезекші пультіне түскен. Сауда үйінде ойыншық, техникалық құралдар, ыдыс-аяқ сатылады.

 

Соңғы жаңалықтар