Алматыда банк қызметкері жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен банк қызметкерін достары мен жақындары іздестіруде.

«3 қыркүйек күні біздің әріптесіміз және өте жақсы адам жоғалып кетті, осы жазбаны барынша бөлісулеріңізді сұраймын! Аты-жөні: Розиев Нұршат. Ол тұрған үй өртеніп кеткен, ауласында көлігі жоқ, көлігінің маркасы Nissan Premiera, қара көк түсті. Үйіндегі екі теледидар да жоқ. Егер оны көрген-білген жан болса, хабарласуларыңызды сұраймыз. Анасы: +7 747 064 1506, бауыры: +7 778 142 7235. Әлмерек ауылы», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
«ҚазАқпарат» Алматы облысынан келіп, полицияға арыз жазған Нұршаттың анасымен тілдесті.
«Нұршат Әлмерек ауылында, әуежай жақта тұрды. Өзінің кішігірім үйі болды. Сенбі күні кешке үйінде болған. Түнгі он екіде оны көргендер бар. Көлігімен бір жаққа кеткен шығар, келер деп ойладық. Нұршат банктердің бірінде жұмыс істейді, жұмысы өте жауапты. Дүйсенбі күні жұмысына келеді деп үміттендік. Қызметтестері Нұршаттың жұмысқа шықпағанын айтты, бәріміз полицияға барып, арыз жаздық», - дейді жоғалған жігіттің анасы.

Соңғы жаңалықтар