Алматыда банк ғимаратына «жарылғыш зат қойған» күдікті іздестірілуде - қалалық ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда банк ғимаратына «жарылғыш зат қойған» күдікті іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Банкке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң қалалық ІІД жедел әрекет ету қызметтері, «Арлан» арнайы жасағының жігіттері мен кинологтар комиссиондық тексеру жүргізді.Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. «Алмалы ауданының ІІБ негізінде құрылған іздестіру тобымен қазір сотқа дейінгі тексеру басталып кетті. Кейін ҚР ҚК 273 бабы - лаңкестік акт жайлы жалған хабар тарату бойынша қылмыстық іс қозғалады. Полиция қызметкерлері қазір хабарлама таратқан адамды іздестірумен айналысуда», - қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Айта кету керек, күндіз Алмалы ауданында орналасқан 5 қабатты ғимараттан барлық жұмыскерлер қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері аймақты қоршауға алды.

Соңғы жаңалықтар