Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында «Универсиада-2017» стеласы орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында «Универсиада-2017» стеласы орнатылады. Тақта спорт додасы басталар күнге 500 күн қалғанда ашылады.

«Спорттық жобалар дирекциясы» қорынан хабарлағандай, кері санау стеласы қала ландшафтын көркейтіп, белгілі шараның жақындағанын көрсетеді.

«Әлемдік студенттер додасы біздің еліміз үшін үлкен оқиға болғалы тұр. 1,5 жылдан соң Қазақстанға әлемнің әр түкпірінен жас, әрі талантты спортшылар жинала бастайды. Біз соған орай қазақы қонақжайлылығымызды танытып, спорттық шараны жоғары дәрежеде өткізуіміз керек», - деді ұйымдастырушылар.

Монументтің ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысады. Арт-нысан 18 қыркүйекте ашылады.

Соңғы жаңалықтар